Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Экономика саласы. 2015 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіптік өндіріс көлемі 281,9 миллиард теңгені, нақты көлем индексі 106,8 пайызды құрады.

2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда карьерлерді қазу және кен өндірудегі нақты көлем индексі 99,4 пайыз, өңдеуде – 109,2 пайыз. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 102,7 пайыз, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау – 100,3 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылығы. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы аталмыш мерзімде  Статистика комитетінің алдын ала бағалауы бойынша 254,8 миллиард теңгені құрады (2014 жылғы тиісті кезеңге 101,7 пайыз).
Облыстың барлық санаттағы шаруашылықтарында мал мен құстың барлық түрлерінен 78,7 мың тонна ет (2014 жылғы тиісті кезеңге 109,2 пайыз), 335,5 мың тонна (103,1 пайыз) сүт, 703,2 миллион дана (133,3 пайыз) тауық жұмыртқасы өндірілді. Құс басының – 14 пайыз, жылқы – 10,5 пайыз, шошқа – 4,4 пайыз, қой мен ешкі – 3,8 пайыз, ірі қара мал – 3,7 пайыз өскендігі анықталды.
Бөлшек сауда айналымы есепті кезеңде 153,5 миллиард теңгені құрады (қоғамдық тамақтандыру айналымын қоспағанда) және 2014 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 0,2 пайыз көбейді.
Демографиялық жағдай. 2015 жылғы 1 қарашаға облыс халқының саны 743,2 адамды немесе республика халқының 4,2 пайызын құрады. Ағымдағы жылдың басынан бері облыс халқының саны 6,6 мың адамға көбейді. Көкшетау қаласында 159 мың адам тұрады немесе облыс халқының 21,4 пайызы.
2015 жылғы қаңтар-қазанда АХАТ органдарында 10744 туу тіркелді. 6430 адам қайтыс болды. Халық өлімінің негізгі себебі, бұрынғыша, барлық тіркелген өлім оқиғаларының 32,3 пайызын қан айналымы жүйесінің аурулары алып отыр. Некелер мен ажырасулар 4566 және 2199 санын сәйкес құрады.
Облыс бойынша халық көші-қонының айырмасы оң болды және 2284 адамды құрады.
Облыстық статистика департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар