Жұртшылық арызы – жалақы қарызы

Ақмола Медиа орталығында  облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Жанат Ибраев өткен жылы жүргізілген мемлекеттік тексеріс қорытындылары бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Еңбек инспекциясы облыстың 448 кәсіпорны мен ұйымдарын тексеріпті. Нәтижесінде 583 құқық бұзушылық анықталған. Істердің көпшілігі  еңбек қатынастарына қатысты болып отыр. Жұмыс берушілерге анықталған құқық бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді. Ал, ең өрескел заң бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғаларға жалпы сомасы 19 миллион теңгеден астам әкімшілік ықпал шаралары қолданылды. Сонымен бірге, жұмысшыларға тиесілі еңбекақысын төлемей жүрген мекемелер де баршылық. Мәселен, жауапкершілігі шектеулі «Граниты Көкшетау» серіктестігі мен «Элеватормельмонтаж» кәсіпорны  45 жұмысшыға жалпы алғанда он үш миллион теңге қарыз екен. Егер берілген нұсқаманы аталған серіктестіктер орындамаған жағдайда, мамандар істі  сотқа тапсырмақ. Жанат Ибраевтың сөзіне жүгінсек, әр заң бұзушылық жіті тексеріліп, кінәлілер тиісінше жазасын алады. Алайда, белгілі себептермен еңбекақыны төлей алмай жүрген кәсіпорындар да кездеседі. Олар банкрот болып танылып, мүлкі сатылымға қойылуы тиіс. Тек сол кезде ғана нұсқаманы орындауға мүмкіндік туады.
Осындай жағдайлар орын алмас үшін арнайы дағдарысқа қарсы топтар құрылып, ақпараттандыру жұмысы жүргізілуде.

 

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар