Кемел келешекке сенеміз

Қазіргі таңда әлемде болып жатқан өзгерістер елімізде де жаңа реформалардың жасалуын талап етіп отыр. Осыған байланысты Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік дамудың жаңа қазақстандық жолын айқындап бергені белгілі.

Ол мақсат-міндеттердің қалай жүзеге асатыны «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласында айқын көрініс тапқан. Елбасымыз бес реформаның әрқайсысына жете тоқталып өтіп, Қазақстан халқын қандай өзгерістер күтетінін нақты көрсетіп берді. Реформалар жос-пары, біріншіден, әлемдегі тұрақсыздық жағдайындағы халықтың қауіпсіздігін, екіншіден, кең ауқымды модернизацияны қамтамасыз ететінін түсінуге болады.
Бірлігі жарасқан халық қана дамуда жоғары жетістіктерге жете алатынына егемендік жылдарында анық көз жеткіздік. Баршамызды бірыңғай экономикалық, саяси және мәдени алгоритм, дамудың ортақ мақсаттары, мемлекеттің күш-қуаты біріктіреді. Біздің жолымыз – бұл бірлік және азаматтық сәйкестікке негізделген ұлтты дәйекті қалыптастыру жолы.
 Бүгінгі күні алдымызда тұрған басты мақсат – әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылу. ХХІ ғасырда кез-келген мемлекетке  ынтымақ, бірліксіз дамудың шыңына шығу оңайға соқпасы анық. Елбасының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Біртектілік пен бірлік», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» атты ауқымды бес реформасы ойдағыдай орындалатын болса, Қазақстан шынында да, алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналары сөзсіз.
Әлия САУЫТБАЕВА,
Степногорск қалалық жастар ресурстық орталығының әдіскері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар