Есеп берулердің нәтижесі – нақтылы өзгерістерде

Елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды, мемлекеттік индустриялды-инновациялық бағдарламаларды іске асыру, тұрғын үй құрылысын дамыту, адамның өмір сүру деңгейін жақсарту жөніндегі мәселелерді шешу, сондай-ақ, осыған одан әрі қоғамды жұмылдыру туралы халықты ақпараттандыруды арттыру үшін, өткен жылдың 14 қаңтары мен 18 ақпаны аралығында облыс өңіріндегі барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері өткізілді.

Есеп беру кездесулерінде 1151 адам сөз сөйледі, 780 ұсыныс енгізілді. Барлық 780 ұсыныс әлеуметтік сипатта болды, экономикалық және саяси сипаттағы ұсыныстар түскен жоқ.   
665 ұсыныс бойынша түсініктеме берілді, 101 ұсыныс өңірлердің іс-шаралар жоспарына енгізілді. 14 ұсыныс облыс әкімінің қаулысымен бақылауға алынды, оның ішінде республикалық деңгейде шешілетіні – 2, облыстық деңгейде – 12 мәселе. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін 9 мәселе шешімін тапты.
2015 жылғы 1 қазаннан бері:
– Степногорск қаласы Парковая көшесі бойындағы көлік жолына күрделі жөндеу жүргізілді. Жол жөндеуге 437,8 миллион теңге бөлінді, оның 163,2 миллион теңгесі республикалық бюджеттен, ал, 274,6 миллион теңгесі облыстық бюджеттен;
– облыстық бюджет қаражатының есебінен 43,7 миллион теңгеге Макинск қаласындағы бекет маңына ағымдағы жөндеу жүргізілді;  
– республикалық бюджет қаражатының есебінен 624,0 миллион теңгеге Щучинск қаласындағы Коммунистическая көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді;  
– Атбасар – Қима (0-65 км), Қима – Жақсы (0-34 км.) Қима – Көксай (0-54 км) облыстық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға облыстық бюджеттен 7,3 миллион теңге бөлінді.
Барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулерінде халықтан түскен ұсыныстардың орындалуы туралы толық ақпарат облыс әкімінің сайтына орналас-тырылды.  
 Мұратбек ТАҚАМБАЕВ,
облыс әкімі аппаратының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар