Еңбектері жанды

Облыс орталығын-да өткен байқауда «Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік  бағдарламасының үздік қатысушысы анықталды.

Облыстық жастар мәселелері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткен шара бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар алдымен аудан көлемінде іріктеліп,  әр қатысушы өзінің мамандығы туралы сыр шертетін бейнефильмдер ұсынды. Нәтижесінде он қатысушы ақтық кезеңге жолдама алды.
Сайыс барысында жас мамандар кәсіби қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, өнерден де кенде емес екендіктерін дәлелдеді. Олардың бірі жас ұстаздардың «Гармония» тобында ән айтса, бірі әшекей жасаумен айналысады екен.
Қорытындысында әділқазылар алқасының шешімі бойынша Бурабай ауданы  Оқжетпес орта мектебінің  қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі  Алтынбек Дағыстан жеңімпаз атанды.  Екінші және үшінші орындарды Шортанды ауданынан келген информатика пәнінің мұғалімі Цэрэг Мамбет пен Зеренді аудандық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Айымгүл Қасенова өзара бөлісті. Басқа қатысушылар «Елжанды маман», «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Көрермен көзайымы», «Жетістігі мол маман», «Тапқыр маман» және «Үздік бейнебаян»  аталымдары бойынша марапатталды. Жүлдегерлерге диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар