Жауапкершілік жоғарылайды

Үстіміздегі  жылдың  халықтың  жігеріне серпіліс тудырған  жаңалығы – Ұлт жоспарын орындаудың  практикалық кезеңінің  басталғаны   туралы игі  хабар болды. Биыл  қоғамның  өміріне түбегейлі тың серпін тудыратын   59   заңның күшіне   енуі   халықтың  тіршілігін  жаңғыртып,  болашаққа деген  сенімін үкілемекші.

Мені  қуантып отырғаны  мемлекеттік   қызметтің мерейі  үстем болып,  жауапкершілігі  жоғарлайтыны. Бұл да халыққа  жеңілдік пен  жақсы өмір   сыйламақ. Осы күндері  елдегі  қанша  халық  бір парақ  анықтама үшін  сабылып  ауданға, облысқа барып жүр  деңізші. Жергілікті  биліктің  өзін-өзі басқаруға көшуі  жақсы  хал. Халықтың билігі  қайта орнамақ. Ауданның әкімі  осы күндерде облыстың  әкіміне  тәуелді де, жергілікті мәслихаттар мен олардағы  халық сайлаған депутаттар  аудан  әкіміне  бағынышты. Аудан әкімі  өзін қызметке облыстың әкімі тағайындайтындықтан  мәслихат депутаттарынан қаймыға қоймайды да,  жергілікті  жерлердегі  жұмыстарға самарқау қарайды. Бұл елдегі реформаларды тежейді. Ұлт жоспарының құқық қорғау органдарына қатысты тұстары  да әбден  пісіп жетілген  жайлар. Қай деңгейдегі полицияны алсаңыз да жұмыстары сылбыр, халықтың алдында есеп бермейтін болғандықтан, оның мүдделерін  де,  заңды да естен
шығарып отыр.
Менің Қанат  Жақсин   деген   інім осыдан  үш  жыл бұрын  бір алаяқтардың алдауына түсіп, үйін сатып, одан алған  40 мың долларынан  айырылып, отбасымен   не  үй жоқ, не  күйі  жоқ пәтер жағалап жүр.  Үйленбеген екі баласы бар.  Сол інім  2015  жылдың  желтоқсанында   Астанадағы Алматы  аудандық  ішкі істер  бөлімшесіне  талап-арыз түсіріп, қылмыскерлерді    іздеп, тауып, істі сотқа беруді  өтінген болатын. Сол  інімнің  талап-арызы араға жыл салып, қалалық ішкі істер департаментіне әзер жетті. Полицияның тым баяу  жұмыс жасайтынын осыдан көрдім.
Енді  мына  реформа  бойынша  қоғамдық полиция құрылып,  халық пен  жергілікті биліктің  алдында   есеп беретін болды. Бұл да  уақыты жеткен  шешім. Сең қозғалатын болды. Елбасы  бастаған  Ұлт жоспарының кешеуілдемей  бірден  жедел басталғаны  өте  дұрыс болды. Жоғарғы Сот  жанындағы  сот жюриі  түбегейлі қайта құрылатындығы қуантып отыр. Әйтпесе, үстүрт те асығыс қабылданған  сот шешімдері  көбейе бастады. Азаматтардың ренішін тудыратын, сот әділдігіне селкеу  түсіріп жататын мұндай шешімдер   ендігі реттерде болмайтыны анық. Заңдардың  қатаң орындалуын, азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарын шын  мәнінде қорғайтын  құқықтық тәртіптер қоғамда  мықтап орнайтын болғаны риза етіп отыр. Осының  баршасы  тәуелсіз мемлекетімізді кәсібилендіруге жол ашып, экономикамызды дамытып, әлемнің  дамыған  30  елінің сапына жедел қосылуымызға  жол ашатыны  анық. Қазақстандық   асыл мұраттарымызға жол ашып беріп отырған  Ұлт Көшбасшысына, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевқа  мың  да бір алғыс!
Соңғы сайлауында мен  Елбасына кандидат  Нұр-ағамыздың  сенім артқан өкілі болған едім. Сол  үкілі үмітіміздің,барша халықтың  жаппай дауыс  берген қадамдарының  ақталғанына, Тұңғыш Президентіміздің  қарымы мен қуатының, даналығы мен кемеңгерлігінің  қыран  құстай өз күшінде екеніне  ерекше қуанып отырмын. Тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктете түсер Нұрлы Жолымыз  нұрлана, жандана  бергей, ағайын!
   
Смағұл  РАХЫМБЕК,
жазушы,  «Нұр  Отан» партиясының Астана  қалалық  «Бірлік»  филиалы  
«САМҒАУ» бастауыш ұйымының   төрағасы, партия  филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар