Үміткерлермен кездесті

Облыс әкімі Сергей Кулагин облыстық әкімдік ғимаратында ішкі істер департаментінің жаңадан құрылған жергілікті полиция қызметінің қалалар мен аудандардағы басшылары лауазымдарына үміткерлермен кездесіп, қоғамның қауіпсіздігін сақтауда тәртіп сақшыларына зор сенім артылып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ, өңір басшысы еліміздің құқық қорғау жүйесі қанша өзгергенімен, осы салада еңбек етіп жүрген азаматтардың мақсат-міндеті заңның орындалуын қадағалау болып қала беретінін де еске салды. Айта кетейік, өткен жылдың 2 қарашасында Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Жергілікті полиция қызметі мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын. Сол арқылы біз «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» стратегиясының 30-ыншы қадамын орындап отырмыз. Ендігі кезекте  жергілікті полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық заң бұзушылықтардың алдын алуда өздеріне жүктелген міндеттерді бұлжытпай атқарулары қажет.
Жиын барысында облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Жанбай Омаров облыс әкіміне Көкшетау, Степногорск қалалары мен тағы он жеті аудандағы жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымдарына үміткерлерді жеке-жеке таныстырып өтті. Олар жаңа қызметке бірнеше сұхбаттасу кезеңдерінен өтіп, облыс әкімі өкімге қол қойған күннен бастап кірісетін болады. 

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар