Ескеретін мәселе аз емес

 

Облыс әкім Сергей Кулагиннің төрағалығымен облыстық әкімдіктің жанындағы терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

 

Комиссия отырысында облыс аумағындағы барлық нысандардың  терроризмнен қорғалуын қамтамасыз етудегі түйткілді мәселелер мен жүзеге асып жатқан шаралар жөнінде  облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Ризахмет Жанбеков  баяндама жасады. Оның сөзіне жүгінсек, нысандар тексерістен өткізіліп, талапқа сай еместері анықталған. Нәтижесінде 755 нысанның он бесі тізімнен шығарылып, оған алпыс үш жаңа нысан қосылыпты. Көбінде бейнебақылау жүйесі отыз тәуліктен артық ақпаратты сақтамайды әрі орнатылған камералар ғимараттың маңын толық көрсете алмайтын болып шықты. Олардың қатырында «Бурабай» спорт кешені, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы мен теміржол вокзалы нысандарын атап өтуге болады.  Ағымдағы жылы бақылау жұмыстары өз жалғасын таппақ. Ал, 2017 жылы нысандар техникалық тұрғыдан толық қамтамасыз етілуі қажет.
Бұдан соң облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімі мен терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссия аппаратының басшысы Темірбек Батырханов сөз алды.  Ол  өткен жылы діни экстремизмге және терроризмге қарсы тұрудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған шаралардың орындалуы және алдағы уақытқа арналған жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.
Облыс әкімі Сергей Кулагин баяндамашыларды мұқият тыңдап, мемлекеттік мекемелер мен нысандарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бақылау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

 

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар