Майдангер қуанышы

Аудан әкімі Ермек Нұғыманов «Үлкен ел – үлкен отбасы» республикалық акциясы аясында Ұлы Отан соғысының ардагері
Николай Фроловқа авиация генерал-майоры, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов медалін тапсырды.
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі ереймендік ардагерді осы сый-құрметке лайық деп таныған екен. Марапат кезінде  құттықтау сөз алған аудан басшысы Ұлы Отан соғысы жылдары жеңісті жақындатуға бар күштерін салған азаматтардың мәңгі ел жадында сақталып, қашанда құрметке бөлене беретінін айта келе, қарттарға деген қамқорлық тек мерекелерде ғана емес, күн сайын жасалуға тиіс екенін атап өтті.
Бұл күні соғыс ардагерін қала әкімі Төлетай Мұхамеджанов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Әбдин де құттықтап, бүгінгі бейбіт күн үшін шынайы алғыстарын жеткізді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ерейментау ауданы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар