Құтқарушылар

 Қай уақытта болсын, құтқарушы мамандығының мәртебесі биік. Төтенше жағдайлар комитетінің жүйесіндегі бұл қызметкерлер су тасқыны, өрт және апат кезінде адамдарға бірінші болып көмекке келеді. Қиындыққа қарамастан, олар зардап шеккендерге алғашқы  көмек көрсетеді.

  Осы батыл мамандық иелері төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өмірін құтқарады. Өздерінің міндеттерін сапалы орындау үшін олар қолдарынан келгеннің бәрін жасауға әркез әзір. Құтқарушылар тобына өрт сөндірушілер, жүргізушілер, сүңгуірлер және дәрігерлер кіреді.
Төтенше жағдай кезінде жұмыстың дұрыс үйлестірілуі және ұжымның ауызбіршілігі аса маңызды. Батыл мамандар елдің кез-келген жеріне  жедел көмекке келуге дайын. Адам өміріне қауіп төнген уақытта еш кідіруге болмайды. Қысқа уақыт аралығында олар адамдарды құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Әртүрлі зардап салдарын тез жою үшін құтқарушылар қолдан келгеннің бәрін жасайды.
Біздің мекемеге күн сайын сан түрлі қоңыраулар келіп түседі. Мысалы, жабылып қалған пәтер есігін ашу үшін, қар көшкіні кезінде, зиянды заттармен уланған жағдайда тұрғындар біздің көмегімізге зәру. Құтқарушылар әрбір қысылтаяң сәттің артында адам және оның өмірі тұратынын біледі.
Елімізде құтқару қызметінің жұмысы сонау 1995 жылы басталған болатын. Ол Қазақстанда табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға арналған мемлекеттік жүйені құруға мүмкіндік берді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары алыс және жақын шетелдермен серіктестік қатынастарды нығайтуға тырыстық. Соның арқасында қалыптасқан динамикалық өзара іс-қимыл табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды бірігіп алдын алуға және жоюға ықпал етіп келеді.
Құтқару қызметінің жоғары кәсіби кадр-ларын дайындаумен мемлекетіміздегі бірегей оқу орны Көкшетау техникалық институты айналысады. Бұл білім ордасы «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары білімі бар білікті, моральдық және кәсіби қасиеттері жоғары, төтенше жағдайлар органдары мен бөлімдерінде қызмет ететін, әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайлар мәселелерін шеше алатын офицерлерді даярлайды. 2011 жылдан бас-тап оқыту жүйесіне «Төтенше жағдайларда қорғау» және «Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері» атты екі жаңа мамандық енгізілді.
Құтқарушы мамандығы бірегей, қызықты және күрделі. Қысқасы,  құтқарушылар – өз өмірін қатерге тігіп, басқа адамдардың өмірін құтқаратын батыл жандар.

Манарбек ШАПАҒАТОВ,  
облыстық төтенше жағдайлар департаменті  басшысының
орынбасары,  өртке қарсы қызмет полковнигі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар