Қар тоқтату қарқын алды

Бұл күндері өңірдің егістік алқаптарында қар тоқтату жұмысы жүргізілуде. Қыс айларында 746,5 мың гектар жердің қарын тоқтату көзделген. Бүгінгі күні 500 мың гектардан асатын алқапқа қар тоқтатылды.

Бұл жұмыс Атбасар, Аршалы, Бурабай, Есіл және Сандықтау аудандарында жақсы жолға қойылғандықтан, барлық егістік алқаптарына бір ізбен қар тоқтатылды.
Мәселен, Атбасар ауданы жоспардағы 35 мың гектардың орнына 50 мың гектар алқаптың қарын тоқтатты. Дегенмен, жағдай барлық жерде бірдей емес. Жарқайың, Целиноград және Егіндікөл аудандары қар тоқтатылатын тиісті алқаптың ширегіне де жеткен жоқ. Қазір қардың қалыңдығы 15-45 сантиметр аралығында. Бұл әрине жеткіліксіз.

Совет БАЛТАБАЙ,
облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының баспасөз хатшысы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар