«Ғұмыр дарияның» – жеңімпазы

Республикалық «Ғұмыр дария» телефестивалі өз мәресіне жетіп, жерлесіміз Альмира Қаукенова жеңімпазы атанды.

  Наумовка округінің Өрнек орта мектебінде тоғызыншы сыныпта оқитын ол Алматыда өткен  республикалық «Ғұмыр дария» телефестивлінде жүлделі бірінші орынды иеленді. Ақкөл ауданы білім бөлімінің әдіскері Ханша Ақтышқанқызының айтуынша, облысымыздың намысын қорғаған екі оқушыдан басқа телефестивальге 1000-нан аса бала қатысқан. Бұл балалар негізінен  республикамыздың әр аймақтарынан  және Қытайдан келген балалар да бар.
Фестивальдің телетүсірілімін «Алматы» және «СТВ» телеарналары түсірді. Альмира «эстрадалық вокал» номинациясы бойынша  «Ана жүрегі» әнін шырқады. Альмираның бұл үлкен сахнаға үшінші рет шығуы. Жас өнерпаз алғашқы рет ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 84 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» республикалық байқауына қатысып, жүлделі үшінші орынды иеленген еді. Ал, 2015 жылдың маусым айында халықаралық «Ғұмыр дария» байқауына шақыру алған.
Сол жолы бірінші орын мен алтын медальды иеленіп, оған қоса, жеңімпаз ретінде осы жобаның телеарналық нұсқасына қатысу мүмкіндігіне қол жеткізді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар