Тәуелсіздікке арналды

№1 Шортанды орта мектебінде еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мәдени- көпшілік шара болып өтті. Оған аудандағы түрлі ұлттық-мәдени орталықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Биыл елімізде аталып өтетін айтулы шаралардың қатарында тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы бар. Ауданда бұл атаулы мерекеге қатысты өткізілетін шаралар жоспары жасалған. Бүгінгі бас қосу сол жоспарға сай өткізілетін шаралардың тұсау кесері іспетті болды. Аудандық «Вести» газетінің редакторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі Нина Малюгина, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сәуле Қасенова және «Жастар ресурстары орталығының» төрағасы Ерболат Жапаров еліміздің тәуелсіздігі әкелген игіліктер мен тәуелсіздік жылдарында қол жеткен жетістіктер жайында баяндады. Кеш соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Қ.КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.
Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар