Екі ұрпақтың кездесуі

«Үлкен ел – үлкен отбасы» республикалық акциясы аясында аудандық орталық кітапханада «Егемен елдің ертеңі» атты тақырыпта аға ұрпақ пен жастардың кездесуі болып өтті.

  Былтыр қазан айында Астана қаласында өткен патриоттар форумында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы қаралған болатын. Ал, биылғы жылдан бастап аталған жобаға қанат бітіп, жер-жерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақшы. Аудандық кітапханада өткен кездесу де соның бастамасы іспеттес. Екі ұрпақ өкілдері жиын барысында Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін әңгіме етіп, алдағы даму бағытымыз жайлы сөз қозғады.
Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Тамара Тұрысхан, жастар ресурстық орталығының директоры Мәдина Құсайынова, аудандық «Жас Отан» жастар қанаты бөлімінің басшысы Әлімжан Тойлыбаев егемен елдің жастары қандай болуы қажеттігі жайлы әңгіме өрбітті.     
«Арқа ажарының» өз ақпараты.  
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар