Толғандырған мәселелер баршылық

Жуырда қала әкімі Нұржан Қамбатыров жергілікті тұрғындармен кездесіп, өткен жылдағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жылда атқарылатын жұмыстардың барысымен таныстырды.

Тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелерді шешу жолдары қарастырылып, аудандағы төрт қабатты үйлердің пәтерлері жөнделіп, жылу құбырлары жүргізілгені айтылды. Сонымен қатар, дәріханалар тұрғындарды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге дайын. Сондай-ақ, қысты күні жолды қардан уақытында аршу өзекті шаруалардың бірі болып отырғанына, сондықтан, тұрғын үй арасында қалың қармен жүріп-тұру қиынға соғатынына тоқталды.
– Біз өз күшімізбен жылу құбырларын жөндеп, пәтерлердің есік-терезесін орнына қойдық. 2002 жылдан қараусыз қалған бірнеше пәтерлерді әлі күнге дейін иелері жөндемей отыр. Солардың кесірінен пәтерді жылытуда қиындықтар туындауда. Осы мәселені неге шешпеске? – деп Жаңыл Қадырбекова өзінің ойын ортаға салды.
Сондай-ақ, Инна Ниницкая, зейнеткер Надежда Попова көңілі толмайтын мәселелердің бірі – біз күл-қоқысқа, құбырларға ақшамызды төлейміз. Бірақ, канализация дұрыс жұмыс істемеуде, деген өкпе-наздарын білдірді.
Кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлер  алдағы күндері орындалып іске асатынына қала әкімі қолдағы бар мүмкіндікті жасайтынына уәде берді. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары А.Чириков, аудандық мәслихат депутаты Н.Безверхова және тағы басқа мекемелердің басшылары қатысты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Атбасар қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар