Көмек көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы Ерейментау аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне азаматтар әртүрлі өтініштерімен көптеп келеді.

Келіп түскен өтініштер әртүрлі сұрақтарды қамтиды. Жақында «Орталық-Шығыс» бағыты №1 «Сайдалы» учаскесіндегі Астана-Шідерті тас жолын қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан 25 жұмысшы аудандық партия филиалы төрағасының орынбасары Сара Дүйсембаеваның  қабылдауында болды. Шағымданушылар «Global construction» ЖШС-ының басшылығы оларға жаз бойы еңбек еткендері үшін айлықтарын төлемегендерін жеткізді.
Бұдан бұрын жұмысшылар сотқа, еңбекті қорғау инспекциясына жүгінсе де, бұл мәселе оңтайлы шешімін тапқан жоқ еді.
– Біз «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне үмітпен келіп едік,  бұл жерде мәселемізге зор жауапкершілікпен қарап, бізді мұқият тыңдап, партия өкілдері өтінішіміздің шешім табуына  қолғабыс етті, –  дейді экскаваторшы Елтай Бижанов.
Төраға орынбасары Сара Дүйсембаева қажетті шараларды қолданғаннан кейін, таяуда 25 жұмысшыға 4,5 миллион теңгеге жуық соманы құрайтын еңбекақы толықтай өтелді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар