«Әлемнің барлық ертегілері»

Жуырда «Әлемнің барлық ертегілері» атты бейнелеу өнері бойынша облыстық дәстүрлі байқау болып өтті. Байқаудың ашылу рәсімінде өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша облыстық әдістемелік орталығының басшысы Гүлмира Мәдиева сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқау екі кезеңді қамтыды. Бірінші кезеңде қатысушылар «Қысқы көрініс» тақырыбындағы дайын суреттерін әділқазылар алқасына тапсырса, екінші кезеңде «Әлемнің барлық ертегілері» атты тақырыпқа өз қиялдарын қылқаламмен қағаз бетіне түсірді.
Облыстық байқауға тоғыз ауданнан, қаладағы колледждерден барлығы отыз төрт жас суретші қатысты. Қатысушылар он мен он төрт және он бес пен он сегіз жас ерекшеліктері бойынша екі топқа бөлінді.
Әділқазылар алқасының шешімімен 10-14 жас аралығында бірінші орынды Зарина Чужебай, екінші орынды Виктория Павлова, үшінші орынды Малика Кудренова иеленді. Ал, 15-18 жас аралығындағы талапкерлерден бірінші орынды Әзиза  Қасымова, екінші орынды Бекзат Қампышева қанжығаласа, үшінші орынды Диана Ошанова, Татьяна Гончарова, Гаухар Исмағамбетова өзара бөлісті.
Оқушыларын осы сынға алып келген ұстаздар байқаудың әділ өткендігін айтты. Жетекшілерге шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, олар да білімдерін жетілдіріп қайтты. Гүлмира Мәдиева жас суретшілер мен олардың жетекшілеріне алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
Ақынбай Сәрсенби.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар