Жаңартуға жағдай жасайды

Кеше ғана Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізуге арналған Жарлығы жарияланды.

 

Жаңа сайлау өкілетті органға жаңа көзқарастағы адамдардың, білікті мамандар мен елжанды азаматтардың келуіне жағдай жасайды деп ойлаймын. Бұл әрине, өз кезегінде әлемді қамтыған экономикалық дағдарыстан қиналмай  шығаратын оңтайлы шараларды жүзеге асыруға заң шеңберінде мүмкіндіктер туғызады деп білемін. 2008-2010 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысы кезінде Қазақстанда экономика саласында жүргізген икемді шаралардың нәтижесінде халық қиналмай, тұрмыс тауқыметін тартпай, дағдарыстан ойдағыдай шыққанымыз есімізде. Бұл жолы да Елбасы бас болып, Үкімет пен атқарушы органдар қолдап, дағдарысқа қарсы шаралар қолға алынып  жатыр. Кезектен тыс сайлау өткізу де ел игілігіне қызмет ететін шара деп санаймын.
Ажыдар ТАЙШЫТАЕВ,
«Ажыдар және К» ЖШС-інің директоры,
Ақмола облыстық
мәслихатының депутаты.
Атбасар ауданы.\

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар