Партиялық бақылау – ықпалды күш

 

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысында бірқатар аудандық филиалдардың өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

 

Бұл жөнінде комиссия төрағасының орынбасары Әлібек Баймағамбетов баяндама жасады. Оның айтуынша, былтыр комиссияның төрт отырысы өткізіліп, онда әлеуметтік маңызы бар он алты мәселе қаралған. Партияның қалалық және аудандық филиалдары жанындағы комиссия отырыстарын қоса алғанда, 150-ден астам мәселе қаралып, оның барлығына тиісті  шешім шығарылғаны, жоғары орындарға 200-ден астам ұсыныс хат жолданғаны мәлім болды. Сондай-ақ, партияның 29 мүшесі партиялық жауапкершілікке тартылса, оның 8-і комиссия шешімі бойынша партия қатарынан шығарылған.
Отырыста партияның Ақкөл, Астрахан, Қорғалжын аудандық филиалдары жанындағы партиялық бақылау комиссияларының былтырғы жылы атқарған жұмыстарына шолу жасалды. «Нұр Отан» партиясының Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнел Ерденова өңірде  Мемлекет басшысы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық құжаттары, басқа да іс-шаралар   қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы баяндап берді. Комиссия отырысына төрағалық еткен партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда еліміздегі басты саяси күш ретінде «Нұр Отанға» зор сенім жүктеліп отырғанын тілге тиек ете келе, биылғы жылы
да бұл бағыттағы жұмыстарды ширата түсу қажеттігіне тоқталды.    
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар