Тәуелсіздік – тұғырымыз

 Көкшетау қалалық  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйытқы болуымен тұрғындарға  Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Рухы биік тәуелсіз елім» атты мерекелік бағдарлама  ұсынылды.

  Бұл шара Бурабай, Юбилейный, Жайлау, Васильковка, Бірлік, Застанционный шағын аудандары, Краснояр селосы мен Станционный елді мекенін  қамтыды. Қоғамның бірлігін нығайту мақсатында өткен шараға шағын аудандар тұрғындары, жоғары оқу орындарының студенттері, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты. «Достар» мәдениет сарайы мен қаланың шығармашылық топтары концерттік бағдарлама ұйымдастырып,  сахна төрінен патриотизмге баулитын әндер шырқалды.
Жиын соңында еңбек және соғыс ардагерлері естелік сыйлықтармен марапатталды. Айтар болсақ, Жайлау шағын ауданынан  Мария Кравченко, Татьяна Астрелина, Светлана Ковальчук, Васильковка шағын ауданынан Георгий Нартов аталып өтті.
Аязды күнге қарамастан шараға жұрт көп жиналып,  бұл олардың бойларында отансүйгіштік сезімнің беки түсуіне негіз болды. Мерекеге қатысушы Васильковка шағын ауданының тұрғыны Әсия Баймұқанова  өз сөзінде осындай тұрпаттағы кездесулердің қажеттігін атап өтіп, жиі ұйымдастырылып отырса деген ойын айтты. Жиын соңында ұйымдастырушылар мерекені өткізуге қол ұшын берген  Жайлау шағын ауданы «Простор» пәтер иелері кооперативінің төрайымы Лидия Жабина, Васильковка шағын ауданы «Еларна» пәтер иелері кооперативінің төрайымы Нұржамал Мұхамеджанова мен «Нұрай» балабақшасының директоры Айгүл  Мәментіковаға шынайы  
алғысын білдірді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар