Суретпен өрілген өмір

Облыс орталығындағы әдебиет және өнер музейінде журналистика ардагері, қалалық «Көкшетау» газетінің фототілшісі Вячеслав Губановтың 70 жасқа толуына арналған жеке сурет көрмесі ашылды.

  Көрме «Жизнь как она есть» деп аталады… Саналы ғұмырының 50 жылын осы салаға арнаған ардагер журналистің көрмеге жүзден астам фотосуреттері қойылды. Автордың әр кезеңде түсірген суреттерінің тақырыбы да әр қилы. Олардың ішінде елімізге аты танымал азаматтардың, қоғам қайраткерлерінің, спортшыларымызға қоса балалардың да суреттері бар. Облысымыздағы айтулы оқиғалардың, салтанатты шерулердің бел ортасында жүріп түсірген суреттері өткен күннен естелік, тарих іспеттес. Вячеслав Губановтың Отанға деген сүйіспеншілігін, сұлулыққа құштарлығын да осы суреттерінен көруге болады. Ол біздің шұрайлы өлкеміздің әр маусымдағы кескін-келбетін, оның бар сұлулығын табиғи қалпында
жеткізе алған.
Сонымен қатар, бұл жолы музей қорындағы әр жылдары шыққан фотоаппараттар да көрмеге қойылды. Оларды қор сақтау бөлімінің меңгерушісі Сара Құзайпаққызы таныстырды. Автордың өмірі мен шығармашылығын қамтыған бұл көрмеге келушілер алдында  облыстық тарихи өлкетану музейі басшысының орынбасары Алма Құнанбаева сөз сөйлеп, мерейтой иесіне жылы лебізін білдірді. Көрменің ашылу рәсіміне Журналистер одағының мүшелері, фототілшілер, ардагерлер,  қала тұрғындары және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Мерейтой иесі Вячеслав Губановқа музей директоры Нұрбек Нұралы шығармашылық шабыт тілеп, Алғыс хат табыс етті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретте: Вячеслав Губановтың 70 жасқа толуына арналған фотосурет көрмесінен көрініс.                 
                           Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар