Бұл – білгендік

Әлемдік дағдарыс талай елдің экономикасын әлсіретті. Қазіргі жаһандық геосаяси ахуалдың өзі көңіл қуантарлық жағдайда емес.

 

Осындай саяси ахуалдарды ескере отырып, дер кезінде шешім қабылдау қажет. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашада халыққа жолдаған Жолдауы дағдарысқа қарсы шұғыл шешім қабылдау керектігін көрсетіп отыр. Жолдау барысында айтылған жобаларды іске асырып, елімізді дағдарыстан алып шығу керек. Былтыр өткен жылдың ең басты саяси науқанында Елбасымыз басым дауыс жинап халықтың сеніміне ие болды.
Ал, енді биыл депутаттар өз өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатып, елдің ертеңі үшін Парламент Мәжілісі және облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарының депутаттарын қайта сайлау өткізілмек. Бұл дер кезіндегі шешім. Еліміздің ертеңі үшін халқымыз өз таңдауын жасауы тиіс. Бұл демократиялық елдерде ғана болатын халықтың сенім білдіруі. Сондықтан, осы сайлау тезірек өтіп, әрбір қазақстандық болашақ халық қалаулыларының ел игілігі жолында жұмыс жасауы үшін дауыс берулері керек. Жасым 85-тен асқанымен осы саяси науқанға қатысып, елімнің болашағы үшін өз дауысымды беруге дайынмын.

Қабыл ЕСМАҒАМБЕТОВ,
 еңбек ардагері.
Кеңбидайық ауылы,
Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар