Елбасы тапсырмасы – іске серпін

Кеше облыс әкімі облыстық ведомстволардың басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді.

Сергей Кулагин өткен аптада Мемлекет басшысының қабылдауында болғандығын, кездесу барысында өзінің Елбасына өңірдің 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы кезеңнің міндеттері туралы баяндағандығын жеткізді. Облыс әкімінің айтуынша,  2015 жылдың көрсеткіштері бо-йынша Ақмола облысы жекелеген бағыттар бо-йынша еліміздегі көш басындағы аймақтардың қатарына қосылған. Мемлекет басшысымен болған кездесуден кейін Сергей Кулагин
аудандар мен қалалардың әкімдеріне, облыстық басқармалардың басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, өңір басшысы барлық облыстық құрылымдардың жетекшілеріне қаңтардан бас-
тап бүкіл көрсеткіштерді жақсарту жолында жұмыс істеуді тапсырды.
Сондай-ақ, облыс әкімі барлық конкурстық рәсімдерді наурыз айына дейін сапалы және жедел өткізу қажеттігін атап өтті. Кеңес барысында 2016 жылы мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылатын барлық жобаларды сапалы іріктеуге назар аударылды.  
– Осы бағдарлама аясында іске асырылатын бүкіл жобалардың тізбесін маған көрсетіңіздер. Біз қай кәсіпкер қандай әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізетіндігін қазірдің өзінде білуіміз керек, – деді облыс әкімі. Аймаққа инвестициялар тарту үшін Сергей Кулагин ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстармен Қазақстан Республикасындағы таяу және алыс шет елдердің өкілетті және төтенше елшілеріне, сол сияқты, облыстардың әкімдеріне ресми хат жазу жөнінде тапсырма берді.
– Барлығыңызға көктемгі су тасқынына қарсы шараларды жүргізуге бүгінгі күннен бастап дайындалуды тапсырамын. Барлық бөгеттер мен көпірлер алдын ала тексеріліп, барлық су өткізетін қондырғылар тазартылуы тиіс, – деді ол.
Кеңес соңында өңір басшысы Калачи селосының тұрғындарын көшіруге қатысты бірқатар нұсқаулар берді, сонымен бірге, жылу, су және электр қуатымен жабдықтау мәселелерін бақылауда ұстауды тапсырды.
– Щучинск-Бурабай курортты аймағын және Астананың іргесіндегі елді мекендерді дамыту мәселелері Президенттің қатаң бақылауында тұр, сондықтан, баршаңызға жылдам және нәтижелі жұмыс істеуді міндеттеймін. Өйткені, астаналық аймақ ретінде біз барлық көрсеткіштер бойынша елорданың деңгейіне ұмтылуымыз қажет, – деді өзінің қорытынды сөзінде облыс әкімі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар