757 билборд орнатылады

 Республика бойынша сайлау жайында ақпарат беретін 757 билборд орнатылып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жұмыс кеңесі барысында ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлімдеді.

  –Осы жөнінде Қазақстан Республикасы ОСК төрағасының шешімі шыққан болатын. Оның бірінші кезеңін  Астана мен Алматы, сонымен қатар, облыс орталықтарында орналастырып болып қалдық. Ондағы ақпараттар сайлаушыларға сайлаудың қай күні өтетіндігінен мәлімет береді. Бұл билбордтарды «Сайлауда өз таңдауыңды жаса!» деген ұранмен дайындап отырмыз. Жұмыстар жалғасын табады», – деді Л.Сүлеймен.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар