Депутаттыққа кандидаттар назарына

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының бесінші шақырылған Парламенті Мәжілісін тарату және кезектен тыс Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы №181 Жарлығына, «Қазақстан Респуб-ликасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізуге орай негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 20 қаңтардағы №3/82 қаулысына сәйкес Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің редакциясы келісім-шарт негізінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне партиялық тізім ұсынған
саяси партияларға, Мәжіліске Қазақстан Республикасы Ассамблеясынан сайланатын депутаттарға және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт үшін баспа қызметін ұсынады.
Депутаттыққа кандидат болып тіркелгендер,
саяси партиялар немесе сенімді өкілдер үгіт материалдарын жариялау үшін редакцияға жазбаша өтініш береді. Бұл өтініште тіркелу нөмірі, күні, уақыты, үміткердің немесе сенімді өкілдің аты-жөні, тегі көрсетіліп, «Арқа ажары» газеті редакциясымен келісім-шарт жасалады. Сондай-ақ, жеке куәліктің  және депутаттыққа үміткер куәлігінің көшірмелері болуы керек.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін редакциямен келісім-шарт 2016 жылдың 20 ақпаны мен 16 наурызы аралығында жасалады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын депутаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін редакциямен келісім-шарт 2016 жылдың 6 наурызы мен 16 наурызы аралығында  жасалады. Мәслихаттар депутаттығына үміткерлермен мұндай келісім-шарт 2016 жылдың 24 ақпаны мен 16 наурызы аралығында жасалады. Үгіт материалдарының жарияланатын соңғы күні 2016 жылдың 17 наурызы.
Редакция үгіт материалдарының түсуіне байланысты оларды жариялау үшін кезекке қояды және жарияланатын күнін келісім-шарт бойынша белгілейді. Материалдар ақысы 100 пайыз толық төленгеннен кейін жарияланады. «Арқа ажары» газетінің әр нөмірінде жарияланатын үгіт материалдарының санына шек қойылмайды. Үгіт материалдарының қай бетке орналасатындығын редакцияның өзі белгілейді.
«Арқа ажары» газетіндегі әрбір үгіт  материалы «20 наурыз – Мәжіліс сайлауы» және «20 нау-рыз – Мәслихат сайлауы» айдарларымен жарық көретін болады.   «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес келмейтін үгіт материалдары газетімізде жарияланбайтындығын естеріңізге саламыз.     
Мәжіліс депутаттығына және мәслихат депутаттығына үміткерлер үшін үгіт материалының ішкі беттердегі 1 шаршы сантиметрінің құны 220 теңге,  соңғы беттегі түрлі-түсті болып жарияланатын үгіт материалының 1 шаршы сантиметрінің құны 250 теңге болып белгіленді. Қосымша құн салығы бірге есептелінеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар