Елбасы Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің бұрынғы төраға

«Құрмет» орденімен марапатталды

Рүстем Шериязданұлы бар саналы ғұмырын еліміздің өсіп-өркендеуіне арнаған облысымыздағы сыйлы да беделді  ақсақалдарымыздың бірі. Жастайынан шаруашылық, партия, кеңес  жұмыстарына белсене араласып, қала, аудан басшысы болған, Көкшетау облыстық  жоспарлау комитеті мен облыстық халықтық бақылау комитетін басқарып, басқа да жауапты қызметтердің тізгінін абыроймен ұстай білген  абзал жан еліміз тәуелсіздік алған тұста да алдыңғы лектен көрініп, небір елдік істердің басы-қасында жүрді. Әсіресе, көп жылдар бойы Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің жұмысын дұрыс жолға қойып, аға ұрпақты Елбасы саясатын қолдауға бір кісідей жұмылдыру, соғыс және еңбек ардагерлерін аялы қамқорлыққа алып, олардың тұрмыстық, басқа да өзекті мәселелерін шешу ісіне қосқан үлесі бір төбе. Сондықтан да,  қадірменді ел ағасына  Елбасы тарапынан көрсетіліп отырған осынау үлкен құрметті Рүстем Шериязданұлының мемлекет алдында сіңірген елеулі еңбегінің тағы бір орынды  өтеуі деп  білетініміз анық.
Осы күндері еңбек ардагеріне жоғары наградасына байланысты білдіріліп жатқан жылы құттықтауларға «Арқа ажары» газетінің ұжымы да қосыла отырып, абзал ағаға денінің саулығын, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы мен қызық-қуанышын тілейміз. Әманда жақсы атыңыз жас ұрпаққа үлгі-өнеге бола берсін!    
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар