Белсенділікті қажет етеді

Көкшетау медицина колледжінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол»  мақаласын талқылаған дөңгелек үстел болып өтті.

Жиынды колледж директоры Светлана Мұратбекова ашып, жүргізіп отырды.  Алғашқы болып баяндама жасаған облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Әсемгүл
Садыр өз сөзінде ұлт жоспары дамудың жаңа моделі екенін айта келе, әрбір тармақтағы міндеттер бойынша жүйелі жұмыс істеу қажеттігін жеткізді. Бұл қай салаға болмасын серпін беріп, ел Президентінің кемел  саясатының тиімділігін тағы бір дәлелдей түспек. Бағдарламада барлық міндеттер жан-жақты  көрсетілген.
Мұнда қазіргі заманғы көптеген қауіп-қатерлердің алдын алу үшін тұтастай шаралар кешені бар.
Бұдан соң тарих пәнінің оқытушысы Рәзия Сәпиева бағдарламаны іске асырудағы жастардың рөлі туралы әңгіме өрбітті. Ал, жас маман Биназира Ыбыраева   Елбасы мақаласының  талапты жастар үшін айқын бағдар екені, сондай-ақ, жаңғырту үдерістеріне олардың қаншалықты үлес қоса алатындары жөнінде  пікір айтып, лебіз білдірді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар