Халықаралық фестивальге шақырту алды

Қаңтар айының ортасында Сочи қаласында КВН командаларының ХХVІІ «КиВиН-2016» халықаралық фестивалі өткізілді.

Облысымыздың құрама командасы алыс және жақын шетелдерден 600-ге жуық командалар бақ сынаған аталмыш фестивальге тұңғыш рет қатысып отыр. Халықаралық көңілділер мен тапқырлар клубтарының командалары фестивалінде біздің құрама ресми лигалардың іріктеу турларына, журналистер мен редакторлардың семинар-кеңестеріне, сондай-ақ, әртүрлі форматтағы іс-шараларға қатысты. Өздерінің өнер көрсету деңгейінің нәтижесінде жерлестеріміз халықаралық көңілділер мен тапқырлар клубы одағының рейтингісіне енгізілді.
Сөйтіп, біздің құрама команда Нягань қаласындағы «Север» орталық лигасы мен Александр
Масляков жүргізетін ең үздік халықаралық одақтың  бірі болып табылатын Мәскеу және Мәскеу маңындағы орталық лигаға қатысуға шақырту алды.

«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар