2016 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі ұсынылды.

 2016 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына 127 адам енгізілген «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі тіркеу үшін ұсынылды. Сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес партиялық тізімді саяси партияның өкілі «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімді ұсыну туралы кезектен тыс XVII съезінің хаттамасынан үзінді көшірмемен бірге бір мезгілде тапсырды.
Өкілдің өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталған. Партиялық тізімді тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына тиісті құжаттар ұсынылды.
Сайлау заңнамасына сәйкес «Нұр Отан» партиясы өткен сайлауда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы санының 7 пайыздан артық дауысын алғандықтан, сайлау жарнасын енгізуден босатылады.

 

 

 

2016 жылғы 1 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін бекітті.

Орталық сайлау комиссиясы қабылдаған қаулы бойынша заңнамаға сәйкес облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарының депутаттығына тіркелген әрбір кандидатқа бюджеттен үгіт іс-шаралары мен көліктік шығыстарға 245 мың теңге, ал, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидатқа 153 мың теңге бөлінеді.
Сонымен қатар, сайлау туралы заңның 19-бабы 6-тармағының екінші  бөлігіне және 8-тармағына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы сайлау заңнамасы белгілеген тәртіппен сайланғанға дейін шығып қалғандардың орнына қалалық, облыстық сайлау комиссияларының мүшелерін тағайындады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар