Үлес қосамын

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспары халық игілігіне қызмет етуі керек деп атап көрсетті.

Екі мыңнан астам делегаттың басын біріктірген бұл алқалы жиынды мен де тамашалап, партияның сайлауалды бағдарламасымен танысып шықтым. Съезде Президент атап өткендей, еліміз жаңа экономикалық қалыпқа көшуде. Бүгінде транзиттік әлеует дамып, алпауыт елдермен қарым-қатынас нығаюда. Шағын және орта бизнес ілгерілеп, мемлекет пен бизнестің ықпалдастығы артуда. Отандық өнім саны да ұлғайып келеді.  Өндірістік саладағы жетістіктер де аз емес.  
 Қазіргі таңда күллі әлемді дағдарыс әуреге салып жатқанда, біздің елге де бұл мәселе жайында ойламау мүмкін емес. Дер кезінде қамданып, дағдарысқа қарсы шаралар қолданбасақ болмайды. Президенттің Парламент Мәжілісін таратып, кезектен тыс сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қоюы – елдің келешегін ойлағаны.
Осыдан бірер жыл бұрын «Сыбаға» бағдарламасы арқылы қомақты сомада несие алып, бірнеше бас жылқы, қара мал, қой сатып алған болатынмын. Қазір соның жемісін көріп отырмын. Өзім секілді кәсіпкерлер қарапайым халыққа жанашырлық танытып, әлеуметтің әлеуетін көтеру ісінде бір жағынан шығысса екен деймін.
Өтебек БЕРТІЛЕУОВ,
«Ілияс» шаруа қожалығының жетекшісі,
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар