«Арлан» – ел чемпионы!

Қазақстанның тұрақты біріншілігі аясында өз алаңында Рудныйдың «Горняк» командасын қабылдап, 4:1 есебімен басым түскен жерлестеріміз Қазақстан чемпионы атанды.

Кеншілермен өткен алғашқы кездесуде арландықтар қарсыластарын ойсырата жеңген болатын. Ал, қарымта ойынның алғашқы кезеңінде қонақтар қақпасына алғашқы шайбаны Мартина Кришка салып, жеңіске жол ашты.  Ойынның екінші кезеңінің 26-шы минутында Рудный ойыншылары хоккейшілер санының басымдығына ие болғанымен, тек бір ғана шайбамен ерекшеленді.
Бұдан кейін рудныйлық кеншілер қақпасына үш мәрте шайба соғылды. Осылайша көкшетаулықтар күні бұрын Қазақстан чемпионы атанды. Сөйтіп, жылда ел біріншілігі мен кубогы жолындағы жарыста жүлдесіз қалмайтын арландықтар биыл тағы  да ерледі. Енді  чемпиондар дәрежесіндегі жерлестеріміз келесі ойынын қонақта Қызылжардың «Құлагер» командасымен өткізетін болады.
Аслан ОСПАНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар