Білікті ұстаз білімге кенелтеді

Жаңа жылдан бастап Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша нақты 100 қадам» Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды.

 

Әлемдегі бәсекелестікке қабілетті отыз елдің санатына қосылу мақсатын алдына қойған тәуелсіз мемлекетіміз Елбасымыздың жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасында тыныштық пен береке-бірліктің Отаны болып, экономикасы қарыштап дамып келеді. Бүгінде әлемдік қауымдастықтың арасынан лайықты орнын алған Қазақстан тәуелсіздікке ие болған ширек ғасырдай уақыт ішінде көптеген табыстарға қол жеткізді.
Елбасымыз алға қойып отырған Ұлт жоспарының мәні – буыны бекіп, бұғанасы жаңа қатып келе жатқан тәуелсіз мемлекетімізді түрлі дағдарыстардан аман алып шығып, әлемдегі озық елдердің қатарына енгізу және мәңгілік елге айналдыру болып табылады. Осындай биік мұратты алға қойып отырған еліміздің ертеңгі болашағының жарқын боларына сенім мол.
Ұлт жоспарын жүзеге асырып, биік мұраттарға жол ашуда еліміздің ертеңгі тізгін ұстары – жас ұрпақтың алатын орны ерекше екені белгілі. Осы орайда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын ұстаздарға жүктелер міндет  ауыр және аса жауапты болмақ. Ал, мұндай жауапты міндетті  
мойындарына алған ұстаздар өз мамандығын жақсы білетін білікті де білімді болуы керек екендігі түсінікті.  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының «Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»  ұстаздардың кәсіби білімін көтеру сияқты маңызды міндетті атқарады.
Институтымызда өз жұмысын жетік білетін кәсіби біліктілігі жоғары мамандар қызмет етеді.  Жыл сайын оқып, білімі мен біліктілігін арттырып жүрген ұстаздар аз емес. Осы орайда біздер, аталмыш институттың ұжымы Ұлт Көшбасшысының алға қойып отырған міндеттерін жүзеге асыруға өз үлесімізді қосып, Ұлт жоспарының орындалуы жолында аянбай қызмет ететін боламыз.

Еркін ИСІМБАЕВ,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры,
Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар