Зейнетақы мен жәрдемақы: нақты өсу мөлшері

«2016 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №985 қаулысына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен 9 пайызға өсті.

 

«2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 30 қарашадағы №426 Заңымен базалық зейнетақы төлемі 11 965 теңге көлемінде белгіленді, ең төменгі зейнетақы – 25 824 теңге.
Осыған орай, 2016 жылы ең төменгі зейнетақы төлемдері (ең төменгі зейнетақы 25 824 қосу базалық зейнетақы 11 965 теңге) 37 789 теңгені құрады.
№1 және №2 Тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақы, тууға берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мен ай сайынғы бала күтімі бойынша төленетін жәрдемақының мөлшері айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің (АЕК) өсуіне байланысты артады.
2016 жылы АЕК  2121 теңге мөлшерінде белгіленді.
Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы –
66 621 теңге.
4-ші және одан көп бала туғанда берілетін жәрдемақы – 111 135 теңге.
1 бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақы –
12 217 теңге.
2 бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақы –
14 445 теңге.
3-ші балаға берілетін жәрдемақы – 16 650 теңге.
4-ші және одан көп балаға берілетін жәрдемақы – 18 877 теңге.
№1 Тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы – 19 980 теңге.
№2 Тізім бойынша – 17 774 теңге.
Мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (МӘЖ) мөлшері 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейіне (ЕК) және ЕК еселігі есебіне байланысты өседі. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 22 859 теңге мөлшерінде белгіленді.
2015 жылы 1-ші топ мүгедегі бойынша жәрдемақы 30 337 теңгені құраса, 2016 жылы ЕК мөлшері мен еселігінің өсуімен 40 690 теңгені құрайды. 2015 жылы 2-ші топ мүгедегі бойынша жәрдемақы 23 715 теңгені құраса, 2016 жылы 31 775 теңгені құрайды. 2015 жылы 3-ші топ мүгедегі бойынша жәрдемақы 16 664 теңге болса, 2016 жылғы қаңтардан бастап 22 402 теңгені құрайды.
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №986 қаулысына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылуына байланысты төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері 7 пайызға өсті.
Сонымен қатар, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналардың жәрдемақысы (қамқоршы, тәрбиеші) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақының артуы есебінен 24 002 теңгеге өсті. 2016 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 22 859 теңгені құрайды.

Қабдуәли ҚҰЛЫШЕВ,
еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон
Комитетінің Ақмола облысы
бойынша департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар