Жастар жан-жақты ақпарат алды

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын және халыққа Жолдауын талқылау мақсатында Жанайдар Мусин атындағы педагогикалық колледжі Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, «Мәңгілік елдің болашақ көшбасшысы» атты қалалық жас-тар форумын өткізді.

Аталған оқу орнының базасында өткен бұл шараға қаладағы он бір колледж оқушылары мен университет студенттері жиналып, оларға оқытушылар қауымы, басқа да мекемелерден шақыртылған білікті мамандар еліміздің алдағы даму бағыты жайлы дәрістер оқыды.
Бес секцияға бөлінген форум жұмысы өте қызықты өтті. Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледж директоры Нұртас Ахатұлы жастармен әңгіме барысында жаһандағы және еліміздегі саяси
ахуалға шолу жасады. Тәуелсіз мемлекетімізде білім аламын, еңбек етемін деген жанға қажетті жағдайлар бар екенін айта келе, қазақстандық жас-тар келешекте қандай болуы қажеттігін ұғынықты тілмен түсіндіріп берді.
Адам өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруы үшін ең алдымен білім қажет. Президентіміз «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында атап өткендей, ашық қоғам құруымыз үшін жас ұрпақ  білім алып, саясатқа, жаһанда болып жатқан өзгерістерге ден қоюы керек. Өйткені, ертеңгі күні ел тізгіні жастардың қолында болмақ. Осы әңгімелерден оқушылар мен студенттер бір серпіліп қалса, Нұртас Ахатұлының еңбектің қадірі, Отанды сүю жайлы айтқандарынан да жастар мол тағылым алды.
Қалған секциялардың жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының директоры Еркін Исімбаев, облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Асылбек Кенжебаев, Ақмола облысы жастар ресурстық орталығы ақпараттық-сараптамалық бөлімінің жетекшісі Мырзабек Мырзахметов, осы колледждің психология пәнінің оқытушысы Гүлнұр Қырқабаева «Жас-тар бизнесі – әлемдік индустрияға жол ашады», «Жастар көшбасшылығының артықшылықтары мен міндеттері» тақырыптарында жалғастырды. Одан кейін форумның пленарлық отырысы өткізіліп, жиналғандар назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.    
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар