Жат ағымнан сақтан!

 Азат орта мектебіне ақпараттық-түсіндіру тобы келді.

  Осыған орай, мектепте ауыл тұрғындарының қатысуымен экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастарды жат ағымдардан қорғау мәселелері бойынша кездесу болып өтті.
Бүгінгі таңда теріс діни ағымдар қоғамға үлкен залалын тигізіп отырғаны белгілі. Әсіресе, жұртшылық арасындағы алауыздық, қатыгездік, одан қала берді экстремистік әрекеттер түрлі радикалды күштердің әсерінен болады. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы елді мекендердің тұрғындары арасында дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтануды үйрету және олардың елдігімізге төндіретін қаупін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізіп келеді.
Бұл жолы топ құрамында болған аудан әкімінің орынбасары Гүлнәр Әбілқайырова, аудандық еңбек және соғыс ардагерлері кеңесінің төрайымы Айжан Мананбаева, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Тамара Тұрысхан, қалалық мешіттің имамы Мүбәрак Мамырбеков «Дін, жастар және бұқаралық мәдениет» тақырыбы төңірегінде азаттықтармен тұшымды әңгіме жүргізді. Тоталитарлық секталардың халыққа тигізіп жатқан зияны туралы сөз қозғалып, кездесуге келген қауым өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Әлімжан ТОЙЛЫБАЕВ,
Ақкөл ауданы әкімі аппаратының
баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар