Иман ұялаған ауыл

Дөңгілағаш ауылының мешітінде Мұхамед (с.ғ.с) Пайғамбардың туған айына орай, мәуліт мерекесі аталып өтті. Алланың үйіне жиналған жамағат бесін намазын оқып, уағыздар айтты.

Айтыскер ақын Арман Бердалин Пайғамбарымызға (с.ғ.с) арнаған өлеңін оқыды. Краснояр селосындағы мешіттің имамы Науан Мүтәліпұлының Пайғамбар (с.ғ.с) жөнінде айтқан уағызын жұрт ұйып тыңдады. Имам өз сөзінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) Алланың сәлемі болсын деген мұсылмандар оның туған күнін бір ай бойы мешіттерде тойлап жатқанын атап өтті.
– Бұл мерекенің басты мақсаты – елші Мұхаммед ғалайхисәләмнің іс-әрекетін насихаттау арқылы жастарға имандылық қағидаларын түсіндіру, отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ана-ананы  құрметтеуге және әртүрлі жат қылықтардан сақтануға шақыру, – деді имам.
Жергілікті мектептің 9 сынып оқушысы Ерназ Досаев «Илләһи» әнін орындап, Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтты. Симферополь селосындағы мешіттің имамы Зейнолла қажы Бейсенбаев та мәуліт жырын нақышына келтіре оқып, салауат айтты. Имамдар құран бағыштады. Жиналған жамағат мәуліт мерекесін тойлауға атсалысқан ақсақалдар алқасының төрағасы Әптар Жахинге, мешітке демеушілік жасаған кәсіпкер Бақытжан мырзаға, Дөңгілағаш ауылының және Қайдар Бекенов бастаған Қоныспай ауылының мұсылмандарына, мешіт имамдары Жанат Есмағанбетов пен Хайса Ханайға алғыстарын білдірді.
Шара соңында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) құрметіне арнап ас берілді. Ақсақалдар мәуліт мерекесінің меймандары мен ауыл тұрғындарына ақ баталарын беріп, елімізге тыныштық, ынтымақ, береке, ислам дініне қуат, ауызбіршілік тіледі.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар