Көз жанарын сақтаудың қарапайым 10 тәсілі

Көз адамның шырағы.
Шырағы сөнген пенде қараңғы қапаста қалмақ. Адам тәнінің барлық мүшелерінің алатын өз орны бар. Десек те, көздің орны ерекше. Қос жанардан айырылған адам нағыз кемтар мүгедекке айналмақ. Сондықтан, көз жанарыңызды сақтаудың қарапайым тәсілдері жайында ақпаратты назарларыңызға
ұсынып отырмыз.

 

Көзді айналдыру
Алдыңызға тура қарап, содан кейін сағат тілі бағытымен және сағат тіліне қарсы бағытта 5 реттен көзіңізді ақырындап айналдырыңыз.
Көзіңізді жұмыңыз. Екі сұқ саусағыңызбен көздеріңізді ақырын басыңыз. Саусақпен 2 секундтай басып тұрып, қайта босатыңыз. Осылайша 10 рет қайталаңыз.
Фокустеу
Бас бармағыңызды алдыңызға 25 сантиметр-дей қашықтықта ұстап, соған назар аударыңыз. Осыдан кейін саусағыңызды түсіріп, 3 метр қашықтықтағы бір затқа қадала қараңыз. Одан әрі 9-10 метр қашықтықтағы затқа қараңыз. Соңында бас бармағыңызды алдыңызға ұстап, қайтадан соған назар аударыңыз. Көздеріңізді демалдырып, қайтадан жаттығуды қайталаңыз.

Қарашықты жоғары-төмен бағыттау
Көз қарашығыңызды жоғары көтеріп, назарыңызды төбеге аударыңыз. Осылайша 5 секундтай төбеге қадала қарап тұрып, қарашығыңызды қайта төмен түсіріңіз. Енді 5 секундтай еденге қадала қарап тұрыңыз. Осылайша жаттығуды 5 рет қайталаңыз.

Екі жаққа қарау
Бұл жаттығу алдындағы жаттығуға ұқсайды. Тек бағытын өзгертесіз, яғни, енді әуелі оң жаққа қарап 5 секунд тұрыңыз. Содан кейін сол жаққа қарай назарыңызды аударыңыз. Жаттығу 5 рет қайталанады.

Көлбеу
Жаттығу барысында көз қарашығыңызды әуелі оң жақтан сол жаққа қарай төменнен жоғары бағытта көлбеу бойымен айналдырыңыз. Қайта түсіріп, енді сол жатқан оң жаққа қарай жоғары бағытта көлбеу бойымен қарашықты айналдырасыз. Жаттығу 5 рет қайталанады.

Нүктеге қадалу
Қалам ұстап, қолыңызды алдыңызға қарата барынша созыңыз. Көз жанарыңызды қаламнан алмай қолыңызды тартып, 15 сантиметрге дейін жақындатыңыз. Жаттығу барысында екі көзіңізді қаламнан айырмаңыз. Бес рет қайталанады.
Әліппе
Алдыңызға қарап тік тұрыңыз. Көз алдыңызға әліпби бойынша ретімен алғашқы әріпті елестетіңіз. Енді көзіңізбен сол әріпті ауада жазыңыз. Осылайша барлық әріптерді жазып шығу арқылы көзіңіздің көру қабілетін біршама жақсартасыз.

Көзді ашып-жұму
Алдыңызға қарап тік тұрыңыз да алдымен көздеріңізді барынша жұмыңыз. Сәл тұрып, қайта ашыңыз. Енді көздеріңізді бақырайта барынша кең ашуға тырысыңыз. Көзді ашып-жұму жаттығуын күнделікті  5 рет қайталап жасауды естен шығармаңыз.

Сегіздік
Алдыңызға тік қарап тұрыңыз. Бір көзіңізді жұмып, екінші көзіңізбен алдыңыздағы бір затқа қадала қараңыз. Басыңызды қозғалтып, ойша сегіз цифрын жазыңыз. Жазу барысында басыңыз ғана қозғалады, ал көз жанарыңыз қадалған нысаннан аумайды. Енді көздеріңізді ауыстырып, екінші көзіңізді жұмып, жаттығуды қайталаңыз. Жаттығу 10 рет қайталанады.

Көз жаттығулары
не береді?
Жоғарыда аталған 10 қарапайым жаттығуды күн сайын жасап жүрсеңіз, көз жанарыңызды сақтайсыз және қитарлық сияқты аурудан да айығуға мүмкіндігіңіз бар. Бұл жаттығулар көздің бұлшық еттерін босатып, тынықтырады және жетілдіреді. Яғни, көз жанарыңызды жақсартып, көру қабілетіңізді арттырыңыз.

Интернет материалдары
арқылы дайындаған
Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар