«Өз жылуыңды сыйла!»

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мен Қазақстан іскер әйелдері ассоциациясы бірлесіп, «Өз жылуыңды сыйла!» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Достық үйінде өткен игі шара «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы аясында өтті. Облыс орталығымен қатар, барлық аудандарда болды. Ісмер әйелдер шұлық, күртеше, қолғап тоқып, оларды көмекке мұқтаж жандарға тапсырмақ ниетте. Тоқылған тоқыма заттар көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларына беріледі. Сонымен қатар, ені екі метр, ал ұзындығы үш метр болатын кенеп матадан тоқылған кілемшені біздің облыс тоқып
бастап әрі қарай Солтүстік Қазақстанға жібереді. Өз кезегінде көршілес облыс кілемшеде өз бөлігін тоқып келесі облысқа жөнелтуі керек. Осылайша, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай дайын болатын бұйым Тұңғыш Президент музейіне қойылады.
Облысқа танымал «Арман» тоқыма фабрикасының өнімдері де игі шараға қатысып, мұқтаж жандарға қуаныш сыйлады.  

Динара ЖӘМШИТОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар