«Ғажайыпқа толы айнала»

 Облыс орталығындағы «РИО» сауда ойын-сауық орталығында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «25 қайырымды іс» республикалық акциясының аясында «Ғажайыпқа толы айнала» музыкалық флешмобы  болып өтті.

  Мәдени шараға облыстық филармонияның әртістері  Шолпан Дүкімбаева, Ғазиза Жұмекенова, Валерия Болиева, Жанат Есов, Мереке Бекмағамбетов, Гүлжан Ахметова, Махаббат Мұхамеджанова, Эльмира Төлеубаева, Серікболсын Бекмолдин, Эльмира Нысанбаева, Салық Әбсалық, Сәрсенбай Хасенов, Марина Зяблинцева, Алдияр Ерғали, Алмаз Оразалин мен Қайрат Мырзаболатовтар қатысты.  Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бағдарламасы да мәдениет қайраткері, Мемлекет басшысының  «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлығожа Базаровтың дирижерлігімен қала тұрғындары мен қонақтарды тәнті етті.
Шара барысында Әсет Бейсеуовтың «Армандастар», Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі», Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында», Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» тәрізді белгілі шығармалары орындалды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар