Үміткерлер іріктелуде

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ұсынуға праймериз өткізуде.

Праймериз – 20 наурыздағы сайлауға үміткерлерді алдын ала ашық іріктеу. Ол ішкі партиялық сипаттағы сайлау, тек партия мүшелері арасында ғана жүзеге асырылады және мұндай дауыс берулер үміткердің беделін, халық арасындағы сенімін анықтауға мүмкіндік береді.
Праймериз жасырын дауыс беру жолымен баламалы негізде өткізіледі және дайындығы жақсы, партияның көпшілік мүшелерінің қолдауына ие үміткер жеңіп шығуы керек. Аталмыш шарадан бұрын бастауыш партия ұйымдарының жиналыс-тары өткізіліп, онда праймеризге қатысуға партия мүшелері ұсынылады, аумақтық филиалдардың конференцияларына делегаттар сайланады.
1 ақпандағы мәлімет бойынша, 118 праймериз өткізіліп, оған төрт мыңнан астам нұротандықтар қатысқан. Үміткерлер анықталғаннан кейін  облыстық филиалдың саяси кеңесі бюросында келісіліп, ақтық тізім «Нұр Отан» партиясының облыстық, қалалық және аудандық конференцияларын өткізу барысында ұсынылады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар