Алдыңғы қатардан көрінуде

 «Нұр Отан» партиясы Атбасар аудандық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары ҚорланТәжденовамен біздің әңгімеміз нұротандықтардың бүгінгі жауапты кезеңдегі партиялық жауапкершілігі жайында өрбіді.

 

– Қаңтардың 29-ы күні өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVІІ съезі өтіп, 2016-2021 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Делегаттар алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы жаңа бағдарлама аясында бірқатар нақты міндеттер қойды. Партияның бүгінгі таңда көшбасшылығы айқын көрінуде. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасырда мемлекет пен саяси көшбасшылықтың рөлі бұрынғыдан да салмақты бола түсті. Сондықтан, Қазақстанды нығайтудағы ерекше миссия «Нұр Отан» партиясына тиесілі, –
деп атап өткен болатын. «Нұр Отан» партиясы алға қойған шешімдерді іске асыруға қабілетті, күшті саяси ерік-жігердің қуатты көзі, елді дамытудың басты бір кепілі. Біз, нұротандықтар, Елбасының стратегиялық жоспарын іске асыруда оның  сенімді  тірегі болып табыламыз және экономикалық дамудың жоғары қарқынына қуат қосып, азаматтардың әл-ауқатының бұдан әрі өсуіне өз үлесімізбен қызмет етеміз.
 Жалпы, әлеуметтік жаңғыртудың астары әрбір нақты адамға арналғанын, оның өмір сапасын көтеруге бағытталғанын білгеніміз жөн. Мұны біз болашақ бағдарымыз деп бағамдасақ, одан ұтарымыз да көп, тиімді мүмкіндігі де мол.
 Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясының Атбасар аудандық филиалында 25 бастауыш партия ұйымы бар, оларда 2616 мүше біріктірілген. Ішіндегі ең ірілерінің бірі «Болашақ» бастауыш ұйымына жалпы білім беретін мектеп, мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері, ән-саз, спорт мектептері, балалар мен жастар орталығы біріктірілген болса, «Студент» ұйымына арнайы орта оқу орындары енген, «Бәйтерек» ұйымына Атбасар электровоз жөндеу зауыты, «Аждар и К» вагон жөндеушілер жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кіреді. Бұл ұйымдар біздің қаладағы тірегіміз. Электровоз жөндеу зауытының партия ұйымы қашанда ортақ ісімізде алдыңғы қатардан көрінеді. «Аждар и К» ЖШС бастауыш ұйымының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Бауыржан Исмағұлов партияның саяси доктринасын  нақты жүзеге асыруда өзінің белсенділігі мен ұйымдастырушылық қабілетін көрсетуде. Серіктестік басшысы, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Аждар Тайшытаевты тек партия жұмысының бел ортасынан көреміз. Атбасар ауданаралық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Зарыққан Шаубаев, ШЧ-17 бастауыш ұйымының жетекшісі, осы кәсіпорын басшысының орынбасары Руслан Досмұханов, аудандық білім бөлімінің басшысы Наталья Наймушиналар да өздерінің  белсенділігімен танылуда. Покровка селолық округінің әкімі Жанат Текенев, Новосельск ауылының әкімі Гүлгүл Мағзұмова және басқалары партия жұмысына жаңа леп әкеліп, ішкі жұмысты жандандыруда.
Өткен жылы 456 адам қоғамдық қабылдауларда болып, өтініш айтқан-ды. Олардың 91 пайызы  немесе 414 мәселе шешімін тапты, 9 пайызы немесе 42 сұрақ бақылауда ұсталуда.  Сұрақтардың бірсыпырасы жұмыспен қамту, зейнетақы, жер учаскелері мәселелері. Сонымен қатар, ауданды абаттандыруға да жете көңіл бөлінуде. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі де оң шешімін табуда. Мысалы, 2015 жылы 41 азамат жеңіл жұмыспен қамтылып, оларға аз да болса табыс табуға мүмкіндік жасалды. Партия мүшелері қатарынан партиялық мониторинг және бақылау тобы құрылды. Топ мүшелері мемлекеттік бюджет есебінен салынатын құрылыс нысандары мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылайды. Сонымен бірге, білім беру, денсаулық сақтау, автокөлік жолдары, ауыз сумен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы салаларында да жұмыс топтары құрылған. Олардың қатарында партия мүшелері және мәслихат депутаттары, сарапшылар, мемлекеттік емес құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Топ жұмысына қаралған мәселені жетік білетін мамандар  тартылады. Мониторинг және бақылау тобы мүшелері  дағдарыс кезінде сауда орындарындағы азық-түлік бағасын зерттеп, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жағын қарастыруда.
Филиал біршама бастамаларға ұйытқы болып, ауданда білімдік жинақтау салымы ашылды. Бұл бастаманы депутаттар, кәсіпкерлер қолдап, ай сайын өздері ашқан есепшотқа 10 мың теңгеден аударып отырады. Ауданда 15 осындай есепшот ашылған. Ал, акция «Болашаққа саламыз» деп аталады.  Аудандық филиал жанында «Іскер әйелдер» қауымдыстығы құрылған. Партияның белді мүшесі Сәуле Ақсейітова қашанда қоғамдық істердің бел ортасынан көрінеді, тұрмыстары төмен отбасыларына, мүгедектерге, көпбалалы аналарға шын көңілімен қолдау жасап отырады.Сәуле Көпбайқызы бір баланың атына
есепшот ашып, оның болашақта білім алуы мақсатында қаржы жинақтауда. Осындай мысалдар жеткілікті.
Елбасы Н.Назарбаев  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында  «Кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,  адамдарды жұмылдыру, қойылған барлық міндеттерді орындауға біріктіру керек. Партиядан сайланған депутаттар  дағдарысқа қарсы және құрылымдық  қайта жаңғыруларды  заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етулері тиіс» – деп, «Нұр Отан» партиясының мүшелеріне сенім артқан болатын.
Бұл біздерге берілген партиялық тапсырма деп түсінеміз әрі оны жүзеге асыруда атбасарлық нұротандықтар белсенділік танытады деген сенімдеміз.

Әңгімелескен Жанат СӘБИТОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар