Жас ұландар анты

Мәлік Ғабдуллин музейінде өткен «Өшпес ерлік, өлмес талант» атты іс-шара барысында қаладағы мектеп оқушылары салтанатты жағдайда батыр атындағы «Жас ұлан» әскери-патриоттық клубының құрамына қабылданды.

Аталған шара Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілген күніне орайластырылып өткізілді. Алғашқы сөз кезегін алған музей директоры Құдайберлі Мырзабек жүрекжарды тілегін білдірді.
Ақмола облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Жанат Ережепов оқушыларға Отан қорғаушылардың мақсатын анық айтып берді. Әскери-патриоттық клубқа қабылданған №3 Краснояр орта мектебінің ұландары Қазақстан халқына және Елбасына, Отанын қорғауға, үлкенді сыйлауға ант берді. «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының төрағасы Мұса Елеусізов ант берген жастарды құттықтап, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтты және  музейге «Мәлік Ғабдуллин» төсбелгісін табыс етті. Іс-шара мерекелік бағдарламаға ұласып, қонақтар батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Ақынбай СӘРСЕНБИ.
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар