Бес оқушы – жүлдегер

Жергілікті балалар музыкалық мектебінің оқушысы Мария Волосевич  республикалық «Өнер! Достық! Бейбітшілік!» атты халық аспаптық және ән музыкасын интерпретациялау байқауында жүлделі  екінші орынды иеленді.

Сайысты  Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының қолдауымен  «Art-aspect» шығармашылық орталығы   ұйымдастырды. Байқауға Балкашино балалар музыкалық мектебінің онға жуық оқушысы қатысып, өз шеберліктерін ортаға салды. Қорытындысында  Мария Волосевич «Ұлттық аспап – аккордеон» аталымы бойынша екінші орынға лайық деп танылды. Ал, Татьяна Зенкова, Вероника Абикенова және Диас Төлегенов үшінші орынды жеңіп алды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар