Өңір келбеті жақсарып келеді

Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Бұланды ауданында болып, бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандардың жұмысымен танысты,  өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын пысықтап, жаңа міндеттерді белгіледі.

Өңір басшысы алдымен Капитоновка ауылындағы орта мектепте болды. Салынғанына жарты ғасырға жуық уақыт өткен білім ошағына 2014 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Ол үшін республикалық бюджеттен 22 миллион, жергілікті бюджеттен 4 миллион теңге қаражат бөлініп, ғимараттың шатыры,  терезесі жаңартылған. Мектепте физика, химия, биология, информатика және 2 технология кабинеттері жұмыс істейді. Аралас тілде оқытылатын мектепте барлығы 169 бала білім алуда. Оның үшеуі биыл мектеп бітіреді. Мектеп ұжымы және жоғары сынып оқушыларымен кездес-кен облыс әкімі медициналық мамандықтар бойынша оқуға түсетін түлектерге облыс әкімдігі тарапынан грант бөлінетінін айтып өтті. Сонымен қатар,  білім ошағының ішкі есіктері,  едені,  ішкі төбе тақтайларын ауыстыру қажеттігі де айтылды.
Өңірде егіншілікпен қатар мал шаруашылығы да жақсы дамып келеді. Осы орайда, қос сала бойынша «Журавлевка 1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көш бастауда.
Бүгінгі таңда серіктестіктің мал қорасында 1600-ге жуық ірі қара бар. Соңғы жылдары  асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырларын өсіруге көңіл бөлінген. Шаруашылықтың бір артықшылығы мал етін өндіруде шығынсыз технологияны қолдануы.
– Өткен жылы шаруашылық 45 миллион теңгеге 204 бас ірі қараны Щучинск ет комбинаты арқылы экспортқа шығарды. Биылғы жылы бұл межені өсірмекпіз, – дейді серіктестік басшысы Қуантай Сұлтанов.
Сонымен қатар,  облыс әкімі осындағы әмбебап тұқым тазалау кешенінің жұмысымен таныс-ты. 2013 жылы пайдалануға берілген, құны 220 миллион тұратын кешен бір ауысымда 100 тоннаға дейін бұршақ,  астық және майлы дақылдарды тазалай алады. Австрияның «Cimbria» фермасының құралдарымен жабдықталған кешеннің жұмысы өнімді.
Серіктестіктегі игі істерге оң бағасын берген облыс әкімінің сапары Макинск қаласында жалғасты. Аудан орталығының іргесінде Индустрияландыру картасының аясында еліміздегі және Орталық Азиядағы ең ірі құс фабрикасының іргетасы қалануда.
«Макинск құс фабрикасы» серіктестігінің директоры Алексей Шевченконың айтуынша,  болашақ құс фабрикасы 2015-2019 жылдар аралығында екі кезеңмен салынып бітпек. Жобаға құйылатын инвестицияның көлемі 43 миллиард теңге шамасында.
Жобаны жүзеге асыру барысында «Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы-2020» және «Агробизнес-2020» тәрізді мемлекеттік бағдарламаларға қатысу көзделіп отыр.
– Құс фабрикасын салу жаңадан тұрақты 700 жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Бұланды ауданының қуат көздерімен және сумен жабдықталу жүйесін нығайтады, өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына септігін тигізеді деп болжанып отыр. Жоба желілік құрылыс кестесіне сай, алдымен инкубатор пайдалануға беріліп, әрқайсысында 6 тауықхананы біріктіретін 8 алаңқай, құс етін әрі қалдықтарды өңдеу зауыты мен бөлімі, экологиялық және технологиялық қондырғыларды орнату іске асырылады, – дейді Алексей Шевченко.
Құрылыс алаңында болған облыс әкімі маңызды жобаны жүзеге асыру өңірде жаңа жұмыс орындарын ашып,  өндірісті дамытуға серпін беретінін ерекше атап өтті. Осында аталған құрылысқа инвес-тор тарту бойынша құжаттарды ресімдеу төңірегінде туып отырған мәселе де сөз болды.
Өңір басшысы жаңадан ашылған «Citу орталығы» сауда үйі, Макинск медициналық-әлеуметтік мекемесі, «Транстехмаш» және «ХПП Арна» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жұмысына да назар аударды.
Аудан әкімі Қуандық Испергеновтің есебінде айтылғандай, ауданның әлеу-меттік-экономикалық ахуалында біршама ілгері басушылық бола тұра, кейбір сала бойынша артта қалып отырған тұстары да орын алып отыр. Оған ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша облыста 11-ші орыннан көрініп отырғандығы дәлел. Егін шаруашылығы туралы сөз қозғамай-ақ,  мал шаруашылығына келетін болсақ, бұл салада мүмкіндік көп, нәтиже аз.
Өткен жылы аудан бойынша 40 тонна ет өткізілген. Мал шаруашылығы саласында 4 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп,  аудан 9-шы орынға тұрақтады. Бұл әлеуеті жоғары аудан үшін аз көрсеткіш.
– Ауданның географиялық жағынан алғанда орналасқан жері қолайлы.  Бер жағында облыс орталығы Көкшетау қаласы мен курортты Бурабай баурайы, ар жағында Астана да алыс емес.  Бұл аудан үшін үлкен мүмкіндік. Бірақ, біз бүгінгі таңда осы мүмкіндікті толық пайдаланып отырған жоқпыз. Мәселен, басқаны айтпай-ақ сүт және ет өнімдерін қайта өңдеу жұмыстары көңіл көншітпейді. Осы мәселені неге шешпеске, – деді жиында Сергей Кулагин.
Облыс әкімі баса назар аударған тағы бір мәселе, бос тұрған ғимараттарды кәдеге жаратып, мемлекеттік жекеменшік серіктестікті дамытуды қолға алу болып отыр. Осы орайда,  облыс әкімі бұл ғимараттардың бәрін жөндеуден өткізіп, кәдеге жаратуды тапсырды. Сондай-ақ, барлық ірі шаруашылық құрылымдары, басқа да кәсіпорындар әлеуметтік салаға көмек беруге тиістігін тағы да қадап айтты. Әсіресе, халықтың әлжуаз топтарын ұдайы назарда ұстап,  әлеуметтік қамсыздандыру қажеттігін алға тартты.
Аудан активінде тұрғындардың су, жол және тұрмыстық мәсе-лелері бойынша қойған бірқатар сауалдарына байланысты тиісті орындарға нақты тапсырма берілді.
Өңір басшысы өзге де сала-ларға тоқталып, орын алған кемшіліктерді бірлесе жұмыс істеу арқылы ғана жоюға болатынын ескертті. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бір топ азаматтарды облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапаттады.

 

Аслан ОСПАНОВ

Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар