Міндет жүгі ауыр

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың төрағалығымен өткізілген жұмыс кеңесінде өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері таяу арада  БАҚ-тардың алдында тұрған міндеттерді  талқылады.

  Нұрлан Нұркенов өзінің кіріспе сөзінде бүгінгі таңда әлемде, соның ішінде елімізде  күн сайын қыруар оқиғалар мен жаңалықтардың орын алып отырғандығын, солардан жедел де шынайы ақпарат беруде журналистерге үлкен жауапкершілік жүктелетіндігін баса айтып өтті. Одан әрі еліміз саяси маңызы зор  Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауы науқанына кіріскендігіне тоқтала келе, мерекелер мен атаулы даталарға толы биылғы жылдың Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен ерекшеленетіндігіне назар аударды.  
Күн тәртібіндегі осы мәселе бо-йынша кеңесте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова хабарлама жасап,  бүгінгі таңда БАҚ-тардың алдында тұрған жаңа міндеттер туралы баяндады. Соның ішінде  ел өмірінде елеулі орын алатын әрбір саяси, мерекелік іс-шара газет беттерінде және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында жоғары деңгейде көрініс тауып отыруы тиіс. Сондықтан, әрбір редакция  өз жұмысындағы басты мәселелерді неғұрлым дәл айқындап, қоғамның салиқалы да салмақты қозғаушы күшіне айнала білуі керек. Осындай үлкен жауапкершілік БАҚ-тардан сайлау науқаны кезінде де қажет етіледі.
Бұдан кейін кеңесте сөз алған облыстық прокуратураның заң және заңдылықтың қолданылуына бақылау жасау бөлімінің бастығы Сырым Белгібеков БАҚ-тарда берілетін ақпараттардың шыншыл болуына, жеңіл-желпі сенсация қуушылықтың  абырой әпермейтіндігіне тоқталып, осындай жағдайлардан нақты мысалдар келтірді.
Жұмыс кеңесін қорытындылаған Нұрлан Нұркенов бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының алдында тұрған өскелең міндеттерді тағы бір нақтылай түсіп, мерзімдік басылымдар мен электронды БАҚ-тардың мазмұнын арттыру, оларды оқырмандар сүйіп  оқитындай деңгейге көтеру уақыт талабы екендігін жеткізді. Журналистер қауымы қоғамдағы әрбір оң бастаманы қолдап, қайнаған өмірдің бел ортасында жүрулері қажет. Сонда ғана әрбір басылым уақыт көшінен қалмай, шын мәнінде қалың бұқараның сүйеушісіне айналары сөзсіз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар