Таңдаулы оқу орны

 Көкшетау медициналық колледжі облыс орталығындағы іргелі оқу орындарының бірі. Оқу орны медицина саласының орта буын кәсіби мамандарын даярлауда табысты жұмыс жүргізіп келеді.

Мұнда сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін қажетті барлық жағдай жасалған. Оқушылар теориялық сабақты тәжірибемен ұштастырып, таңдаған мамандығына сай білім алып шығады.
Көкшетау медициналық колледжі өткен жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бо-йынша қол жеткен жетістіктері үшін, сондай-ақ,  дүниежүзілік сапа күніне орай, Қазақстан Рес-публикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұл аталмыш оқу орнын біраз жылдан бері басқарып келе жатқан медицина ғылымдарының  докторы  Светлана Мұратбекова мен ұжымның  атқарған жұмыстарының нәтижесі екендігі анық.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар