Қамқорлық пен қайырымдылық – ізгі іс

 Облыс орталығындағы №15 жалпы білім беретін негізгі  мектептің қайырымды жандары республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында  әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіп, жан жүректерінің жылуымен бөлісті.

  Акцияның мақсаты  оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасы, жетім, жартылай жетім балаларға қолдау көрсету болып табылады.
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындауға 35 адам қатысты. Мектептің ұжымымен қатар, «Көкшетау гидрогеология» акционерлік қоғамының  президенті Сергей Соловьёв пен жеке кәсіпкер Айдарбек Асқаров та қолдау көрсетті.  Мектебімізде  осындай игі істер онан әрі жалғасын табады деп
сенеміз.

Назерке ӘШІМҒАЗИНОВА,
№15 жалпы білім беретін негізгі мектептің әлеуметтік педагогы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар