Күміс – аз олжа емес

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 600-ге тарта палуан қатысқан Таразда өткен грек-рим күресінен республикалық біріншілікте жерлесіміз Мейірбек Дөненбеков өз салмағы бойынша жүлделі екінші орынды жеңіп алды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы өкілінің мәлімдеуінше, бұл жарыста жеңімпаз атанғандар халықаралық жарыстарға және биыл өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алмақшы. 59 келі салмақта жарысқа шыққан Мейірбек Дөненбеков боз кілемде шебер өнер көрсетіп, финалға жетті. Тек шешуші кездесуде жергілікті палуанға ұпай санымен есе жіберген ол күміс медальді қанжығасына байлады.

Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар