Алты партия ынталы

 2016 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық  партиясының партиялық тізімін тіркеді.

  Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов ҚР ОСК-ның отырысына қатысқан ЖСДП Республикалық сай-лауалды штабы басшысының орынбасары
А.Н.Рахымжановқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың куәлігін тапсырды, сондай-ақ, ЖСДП-дан партиялық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардың куәліктерін берді.

 

 

2016 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Бірлік» Саяси Партиясының партиялық тізімін тіркеді.

 

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов ҚР ОСК-ның отырысына қатысқан «Бірлік» СП төрағасының орынбасарлары Т.Ш.Қуанышевқа және Б.К. Байқадамовқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың куәліктерін тапсырды, сондай-ақ, «Бірлік» СП-дан партиялық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардың куәліктерін берді.
2016 жылғы 12 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына ұсынылған 6 партиялық тізімнің барлығы тіркелді. Олар – «Нұр Отан» партиясының, «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның, «Ауыл» ХДПП-ның, ҚКХП-ның, ЖСДП-ның және  «Бірлік» СП-ның партиялық тізімдері. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы отырысында «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылданды.
Аталған қаулыға сәйкес Қазақстан Респуб-ликасы Орталық сайлау комиссиясы жанынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының алғашқы 12 байқаушысы аккредиттелді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар