Үміткерлер – мәслихатқа

 Орталық сайлау комиссиясында Парламент Мәжілісі және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанының барысы туралы ҚР ОСК мүшесі М.Сәрсембаевтың брифингі болды.

  Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну белсенді өтуде. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес 12 ақпандағы сағат 9.00-дегі жағдай бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына барлығы 7885 кандидат ұсынылды. Олардың 866-сы облыстық мәслихаттарға, 34-і Астана мәслихатына,
133-і Алматы қалалық мәслихатына ұсынылды. Аудандық мәслихаттарға 5403 кандидат, қалалық мәслихаттарға 1449 кандидат ұсынылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар